Оқыс оқиға Түркістан облысында болған. Құтқарушылар флягтан шыға алмай қалған 7 жасар баланы құтқарды. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кеше 112 қызметіне Жетісай ауданы Атакент елдімекенінде ата-анасының қарауынсыз қалған 2015 жылы туған қыз бала су құятын флягтан шыға алмай қалғаны туралы хабарлама түсті.
Кішкентай қызды 4 құтқарушы сағат 12:30-да арнайы құрылғы арқылы флягті кесіп, аман-есен су құятын ыдыстың ішінен алып шықты.