Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолында жол апаты болды, – деп жазады pavlodarnews.kz.
Пограничник пен Спутник ауылының арасында екі көлік соқтығысып, біреуі өртенген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатынан 3 адам зардап шеккен.
«1987 жылы туған ер адам омыртқасы сынып, 1999 жылы туған ер адам жабық бас-ми жарақатымен, беті жыртылып Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға жеткізілді, – деді басқарма өкілі.
Үшінші адамның кім екенін анықтау мүмкін болмады.
«Үшінші адам – inDriver қосымшасы арқылы көлікке отырған жолаушы. Тірідей жанып кеткендіктен, кім екенін анықтау мүмкін болмады» делінген ресми ақпаратта.