Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылында «Жас Алаш» газеті бас редакторы орынбасарының туысын өлтіріп кетті. ҚазТАГ-тың жазуынша, бұл туралы басылымның бас редакторы Қайрат Мәтреков мәлімдеген.
«Бұл менің орынбасарым Сейсен Ұғұлбековтің әйелінің інісі Мағжан Мырзабековтің басынан өтті. Ол ауылдасымен жұмыс мәселесіне байланысты келіссөзге келген. Олар ақшаға келісе алмай, әлеуетті жұмыс беруші оны итеріп жіберген. Ол сол жерде қайтыс болған. Марқұмның інісі Махамбеттің айтуынша, Мағжанға жақындағанда оның көзі жарыққа еш реакция бермеген. Мұның барлығы 21 маусым күні сағат 21:00 шамасында Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылында болды», - деді Мәтреков агенттікке.
Сонымен қатар ол соққы берген ер адам әлі бостандықта жүргенін атап өтті.
«Мағжан Мырзабековті өлтірген адамның бостандықта жүргені, кепілмен босатылғаны мені ашуландырды. РОВД бастығы маған сарапшы жәбірленушіге жерге құлағанда қатты соққы алған деген қорытынды бергенін айтты. Марқұмның інісімен, орынбасарыммен сөйлестім, құлаған жерде тас, ағаш жоқ дейді. Ешкім жерге құлап өлмейді», - деді Мәтреков.
Мәтрековтің айтуынша, сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша жүргізілуде.