Балалар үйіне бөлінген ақшаға 3 көлік сатып алған бас бухгалтер кінәсін мойындамады
Балалар үйіне бөлінген ақшаға 3 көлік сатып алған бас бухгалтер кінәсін мойындамады
1,304
оқылды
Балалар үйінің бас бухгалтері күйеуімен бірге жетімдердің тамағына бөлінген 20 миллион теңгені жымқырды. Бұл туралы «Время» газеті жариялады. Астаналық тұрғын Мирамкүл Әшірова 30 жасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты «Өмірлік қиын жағдайда түскен балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері болған. Бұрынғы балалар үйін соңғы жылдары Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығымен қосып жіберген. Сөйтіп, астанада қараусыз қалған жетімдер осы мекеменің қарауына өткен. Алайда балалар үйінің бас есепшісі күйеуі Дәулеткерей Нұрланмен бірге жетімсіреген жетімдерді пайдаланып, Үкіметтен оларға бөлінген қаржыны жымқырған екен. Мақсаттарын жүзеге қалай асырды десеңіз, ол – оп-оңай. Мысалы, Мирамкүл Әшірова өзінің қызметіне байланысты азық-түлік жеткізушісін анықтау жөніндегі комиссия құрамына кірді. Сөйтіп, оның күйеуі өзінің досының атына   Zhanerke LTD  ЖШС тіркеп, аштыртқан. Содан кейін фирманы басқаруға өзіне сенімхат алып алған. Артынан азық-түлік жеткізу конкурсына қатысуға өтініш берген. Сонда Zhanerke LTD ЖШС өтінімінде өнімдерді сақтауға және тасымалдауға рұқсаттың көшірмесі, санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринарлық және фитосанитарлық қорытындылар, сатып алынатын өнімдердің сапа сертификаттары, тамақ тасымалдауға арналған мамандандырылған көлік құжаттары, оның ішінде санитарлық паспорт секілді маңызды құжаттар болмаса да, келіншегінің арқасында компания тендерді ұтып алады. Нәтижесінде, балалар үйі компаниямен жалпы алғанда 70 миллион теңгеге азық-түлік сатып алуға шарт жасасты. Олар шынымен азық-түлік жеткізген, Әшірова шоттарға қол қойып, ақша төлеген. Кейін ерлі-зайыпты тағы бір тендерді ұтып алған. Осы жолы олар Арыста 115 баланы демалтпақ болған. Яғни, әскери қоймалардағы жарылыстан кейінгі игі істерге арналған шараның бірі. Әрине, оған бөлінген 13 миллионнан астам теңге Zhanerke LTD ЖШС-на тиесілі болды. Бірақ мамандардың анықтауынша, олар балалар үйіне азық-түлікті келісілген мөлшерде жеткізбеген. Тіпті, 23 миллион теңгені басып қалған. Ең бастысы, ерлі-зайыптылар өздерін кінәсіз дейді. Алайда сол аралықта Дәулеткерей Нұрланұлы үш көлік сатып алыпты. Қазір сот шешімімен екі көлік тәркіленді. Бас бухгалтер мен оның бұрынғы күйеуі шығынды толығымен өтесе де, сот ол екеуін де ұрлығы үшін кінәлі деп тапты. Сөйтіп, оларға 7 жылға шартты мерзім берілді. Бірақ үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.