Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қымбаттады.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 8,78 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 465, 08 теңге.
Ұлттық банктің 29 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 456, 05 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 460 теңге, сатып алу – 465,50 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 459,50 теңгеден болса, сатып алу құны – 462 теңге.