Абай облысы әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы тағайындалды
Абай облысы әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы тағайындалды
© baq.kz
632
оқылды
Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Айдын Кәрімов тағайындалды. Айдын Мейрамбекұлы 1988 жылғы 1 қаңтарда дүниеге келген. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ қаржы-экономика академиясын, КАЗГЮУ университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Түрлі жылдары ҚР ТЖМ «Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау» РМК, «АйТи-Сервис» ЖШС, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық сүйемелдеу орталығы» РМК, Астана және Семей қалалары әкімінің аппараттарында қызмет еткен. 2012-2016 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің (қазіргі ҚР Сауда және интеграция министрлігі) Халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу департаменті директорының орынбасары, басқарма басшысы, бас сарапшысы болып жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істейді: 2016-2017 жылдары – Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2017-2019 жылдары – Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі – ҚР Премьер-Министрінің хаттама шефі. 2019 жылдың сәуір-қараша айлары аралығында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды. 2019 жылдың қараша айында ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Абай облысы әкімінің аппарат басшысы болып Жасұлан Сәрсебаев тағайындалды. Ол осыған дейін Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымын атқарған. Жасұлан Бірлікұлы Сарсебаев 1986 жылы 22 шілдеде бұрынғы Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. Мамандығы – заңгер. Еңбек жолын «Қазақстандағы жас заңгерлер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Семей қаласы бойынша филиалының директоры болып бастаған. Әр жылдарда Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасының діни бірлестіктер және саяси партиялармен жұмыс бойынша бөлімнің бас маманы, Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2015-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы болып қызмет етті. 2019 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ШҚО әкімі аппаратының басшысы болды. Осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымын атқарған.