Атырауда есірткі таратуды ұйымдастырған өзбекстандық әйел ұсталды
Атырауда есірткі таратуды ұйымдастырған өзбекстандық әйел ұсталды
Фото: ПД-нен алынды
13,283
оқылды
Атырауда есірткі тасымалын жою үшін «Қарасора» алдын алу іс-шарасы өтті. Бұл туралы Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Полиция жедел іздестіру нәтижесінде, Атырау қаласы аумағында есірткіні заңсыз сақтаумен айналысқан әйелді ұстады. Тексеру барысында 1998 жылғы  әйел Өзбекстан азаматы екені белгілі болды. Әйелдің жалдамалы пәтерін тінту кезінде ұнтақ салынған 2 полиэтилен пакет, өсімдік тектес қағаз түйіншек пен синтетикалық есірткіні қолдануға арналған шыны құрылғылар табылды. Айғақ ретінде тіркеуге алынған заттар тәркіленді. Сот сараптамасы заттардың психотроптық заттар есірткі, яғни марихуана екенін анықтады. Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.