Төлебаев көшесіне Цойдың ескерткішін қою жағы ешкімді ойландырмай ма? - Нұртөре Жүсіп
Төлебаев көшесіне Цойдың ескерткішін қою жағы ешкімді ойландырмай ма? - Нұртөре Жүсіп
875
оқылды
Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Алматы қаласындағы Мұқан Төлебаев көшесіндегі танымал музыкант Виктор Цойға арналған ескерткіш туралы сөз қозғады. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды.
"Цой мықты ғой! Бірақ дәл Мұқан Төлебаев көшесіне осы ескерткішті қою жағы ешкімді ойландырмай ма?!", – деді Нұртөре Жүсіп. Бұған байланысты бұрынғы сенатор Жабал Ерғалиев: "Дұрыс ой! Цойды қойды деп кімге ренжірсің? Мына бір жай есіме түсіп отыр, Сенатор кезімде республикалық ономастика комиссиясының мүшесі болып жүргенімде Маңғыстау облысынан бір ауылдың орта мектебіне Совет одағының батыры, ұлты армян еді соның атын беру ұсынысын тоқтатып едім. “362 әулие шыққан елдің бір мектебіне басқа ұлттың атын беріп қойып қалай отырамыз? Батырға басқаша құрмет көрсетілсін” дедім. Енді кез келген мәселені шешуді ұлттық тұрғыдан ойлаған абзал!", – деді.
Ал Байғали Есенәлі есімді қолданушы ескерткіштің қақ ортаға қақайтып қойғанымызды әбестік санайды.
"Тірі болса өзі де ұялып шетке шығар еді. Тірілердің арасында табынушыларының ұлтым дегендерден қаншалықты көп екені осыдан-ақ белгілі шығар", – деді ол.
Макпал Орынбетованың пайымынша, бұл – дұрыс емес. Ескерткіш – идеология. Сондықтан ұлттық мүдде тұрғысынан қарау керек. Оқырман Цой қанша жерден талантты болса да, бұл ескерткішті қолдамайды.
Белгілі ақын Светқали Нұржанов: "Мұқан Төлебаевты кейінгі ұрпақ біліп те жарытпайды, себебі біз Ұлттық идеология жүргізілмеген елміз. Сондықтан тіліміз – алабажақ, ұлымыз бен қызымыз – шалақазақ. Мұндай елде Жұматай марқұмша айтқанда: “Лақадан қазір кез келген бақа даңқты”…" – деген.