Атырауда жоғалып кеткен ақ көйлекті 12 жасар қыз табылды
Атырауда жоғалып кеткен ақ көйлекті 12 жасар қыз табылды
Фото: mgorod.kz
3,089
оқылды
Атырауда із-түзсіз жоғалған 12 жасар қыз екі күннен кейін аман-есен табылды, – деп хабарлады қалалық полиция басқармасы. 
"2010 жылы туған жасөспірім үйінен 27 маусым күні сағат 19:00-де үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Ата-анасы 28 маусым күні сағат 15:00-де полицияға хабар берген. Жоғалған қыз 29 маусымда 18:00-де табылды", – дейді полицейлер.
Жасөспірім құрбысының үйінде болыпты. Бірақ ата-анасына ескертпеген.
Қыздың туыстары мектеп оқушысының күнделікті спорт киімін киетінін, алайда жоғалған күні  ақ көйлек киіп кеткенін айтқан.