Түркістан облысында 8 жастағы қызын зорлаған өгей әке 25 жылға сотталды
Түркістан облысында 8 жастағы қызын зорлаған өгей әке 25 жылға сотталды
Фото: AstanaTV сюжетінен скриншот
305
оқылды
Түркістан облысында 8 жастағы қызын зорлады деген айыппен қамауға алынған өгей әкеге сот үкімі шықты, – деп хабарлайды AstanaTV. Өгей әке аса ауыр қылмысы үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотта 39 жастағы сотталушы кінәсін ішінара ғана мойындаған. Істі қараған облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, 2019 жылдың қаңтарынан бері қорлап келген өгей әке   соңғы қылмысын ғана мойындаған. Үйде әйелінің жоқтығын пайдаланып, бүлдіршінді зорлаған. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасының міндетін атқарушы Дәурен Мадалиев: «Күдіктінің кінәсі толық дәлелденді. Нәтижесінде, сот оны Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігімен және 121-бабы 4- бөлігімен кінәлі деп танып, жалпы 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды», – деді. Сот психиатриялық сараптама қорытындысына сай, педофилге химиялық кастрация түріндегі медициналық емдеу белгілеген. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі қатаң абақтыда өтейді.