Талдықорғанда кіндігі кесілмеген жаңа туған сәбидің денесі қоқыстан табылды
Талдықорғанда кіндігі кесілмеген жаңа туған сәбидің денесі қоқыстан табылды
Фото: kartinkin.net
709
оқылды
Талдықорғанда бүгін таңғы сағат 08.00 шамасында 7 шағынаудандағы 17-үйдің қоқыс төгетін жәшігінен шақалақтың денесі табылды, – деп жазады inform.kz. Cәбидің кіндігі кесілмеген. «Қоқыс төгуге шыққанмын. Қарасам ақ орамалға оралған бала жатыр. Кіндігі кесілмеген, жолдасымен қоса жатыр. Сәби өліп қалған. Шамамен мерзімінен бұрын (7-8 айлық) туған-ау деп ойлаймын...», – дейді куәгер. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.