Бас прокуратура оқушылар автобусын бұрын сотталған адамдар жүргізгенін анықтады
Бас прокуратура оқушылар автобусын бұрын сотталған адамдар жүргізгенін анықтады
Фото: zen.yandex.ru
2,137
оқылды
Бас прокуратура мектеп оқушыларын тасымалдау кезіндегі біршама заңсыздықты анықтады. Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен, жолаушыларды тасымалдауға қажетті жүргізу санаты жоқ екенін де анықтады. Тіпті, кейбір өңірде оқушыларды тасымалдауға бұрын қылмыстық жауапқа тартылған және балалармен жұмыс істеуге құқығы жоқ адамдар да кездескен. Кейбір автобустар рейс алдындағы техникалық тексеруден, ал жүргізушілер медициналық куәландырудан өтпеген. Жалпы, автобус паркінің жай-күйі, олардың материалдық-техникалық жабдықталуы (өрт сөндіргіштердің, қауіпсіздік белдігі, жарқылдауық маяк, «Балаларды тасымалдау» тақтайшаларының болмауы және т.б.) қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болды. Биыл 28 сәуірде Бас прокуратура Білім және ғылым министрлігінің атына жолдаған прокурорлық қадағалау актісі негізінде 93 адам (оның ішінде мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, әкімдік қызметкерлері) тәртіптік жауапқа тартылды. Сондай-ақ білім беру мекемелерін автобустармен қамтамасыз ету жалғасып жатыр. Әкімдіктер 515 жаңа автобус, оның бір бөлігін осы оқу жылына қарай сатып алуды жоспарлап отыр.