«AMANAT» партиясы фракцияларының мүшелері, Мәжіліс депутаттары Бекқали Торғаев пен Артур Платонов Алматы қаласының «Жас Қанат» шағынауданында салынып жатқан денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты.
Бұл іс-шараға қаланың Құрылыс басқармасы басшысы Бейбіт Шаханов, қалалық мәслихат депутаты Максим Финогенов, Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Айдос Бекетаев, «AMANAT» партиясы Түрксіб аудандық филиалының атқарушы хатшысы Серікболсын Сарыбаев және мердігер ұйымдар қатысты.
Құрылыс барысымен таныстырған басқарма мен мердігер компания өкілдеріне Мәжіліс депутаттары әлеуметтік маңызы бар нысанның тез арада бітуі және сапалы жүргізілу керектігі туралы ұсынымдар берді.
Нысан құрылысы аяқталғанда онда бір ауысымда 150-ге жуық адам спортпен шұғылдана алады.