Партия арнайы бақылауға алды
Партия арнайы бақылауға алды
435
оқылды
«AMANAT» партиясы Маң­ғыстау облыстық филиалы­ның Партиялық бақылау ко­миссиясы мен Мемлекеттік басқаруды дамыту және Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл жөніндегі қо­ғам­дық кеңестерінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша біріккен көшпелі отырысы өтті. Күн тәртібінде Жаңаөзен қаласы мен оған іргелес ауылдарда сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бойынша жасалған жұмыстар, «Дипломмен ауылға!», «Ауыл – ел бесігі» жобаларының орындалу барысы, №4 және №12 мектептердегі балалар тамағын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ партиялық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі отырысында балаларға арналған ойын алаңы мен бұқаралық спорт алаң­дары туралы кеңінен талқыланып, жауапты мекемелерге бірқатар тапсырма берілді. Білім саласы бойынша №4 және №12 мектептерде балалар тамағын ұйымдастыруда кеткен кемшіліктер партия бақылауына қойылды.

Азат ҚАЗАҚ