Шымкенттік археологтер жауынгер әйелдің көне қалдықтарын тапты
Шымкенттік археологтер жауынгер әйелдің көне қалдықтарын тапты
Қызылжар қорымындағы қазба жұмыстары кезінде 2 мың жылдан астам тарихы бар көшпенді жауынгердің сүйегі табылды. "Хабар" арнасының мәліметінше, марқұмның қасында керамика ғана емес, қару-жарақ пен қымбат әшекейлер де бар. Археологтер бұл аймақта мұндай толық қару-жарақпен жерленген әйел адамның мүрдесін алғаш рет тауып отыр.
«Төбенің өзі диаметрі 22-25 метрдей. Қорғанның көлемі де адамның мәртебесін анықтайды. Яғни, бұл белгілі, шағын көшпенділер тобының жетекшісі болған асыл текті әйел», – дейді Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Александр Подушкин.
Сондай-ақ жәдігерлердің тарихы 2 мың жылдан асса да жақсы сақталғанымен ерекшеленеді. Профессор Александр Подушкиннің айтуынша, жауынгер әйел қайтыс болған кезде шамамен 50 жаста болған. Болжам бойынша, ол сармат тайпалары құрамына жатады.
«Оңтүстік Қазақстан аумағы сарматтардың этникалық аумағы болып саналмайды. Дегенмен біздің материалдарымыз ежелгі халықтың бұл тобы, яғни азиялық сарматтар деп аталатын сармат тобы Оңтүстік Қазақстан аумағында болғанын растайды. Бұл – маңызды ғылыми сенімді ақпарат», -– деп қосты профессор.
Көрші қорғанда археологтерді одан кем емес қызықты жәдігерлер күтіп тұрды. Мұнда да әйел адам жерленген. Бірақ тарихшыларды оның жеке заттары көбірек қызықтырды: қола айна, ине, төсегі.
«Айна – адамның бейнесі сияқты. Олар ғұрыптық зиян келтіргенін ескеріп, қабірге қойды. Оны бүлдіріп, тұтқасын сындырып, шаққан», – дейді Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Екатерина Асадчева.
Археологтердің пікірінше, табылған заттар ежелгі халықтың өркениетінің жоғары деңгейі туралы хабар береді. Артефактілер мұражайға өткізіледі. Ал зерттеу жүргізілген аумақтар бұрынғы күйін қайтарады. Тарихи ландшафт қалпына келтіріледі.