Алаяқ бірнеше қаланың тұрғынынан көліктерді алдап алып, сатып жіберіп отырған. Бұл туралы Қызылорда облыстық Полиция департаменті хабарлады.
Қызылордалық полицейлер былтырдан бері Алматы, Тараз, Кентау және Түркістан қаласы тұрғындарын алдаған алаяқты ұстады.
Ол жарнама сайттарында сатылымға шыққан көліктерді алдын ала белгілі бөлігіне төлем жасау арқылы алып кетіп, ақшаның қалған бөлігін бірнеше күнде беретінін айтып, уәде берген.
«Алдымен көлікті есептен шығарып, тұрғындарды көліксіз қалдырған. Көліктерді қымбат бағаға бөтен адамдарға сатып жіберген. Алданған көлік иелері оның үстінен полицияға арызданды. Жедел іздестіру нәтижесінде, Жаңақорған ауданының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.»
Алаяқтан нақты қанша адам зардап шеккені белгісіз.