Көші-қон саласында сыбайлас жемқорлыққа тап болғандар агенттікке тікелей хат жолдай алады
Көші-қон саласында сыбайлас жемқорлыққа тап болғандар агенттікке тікелей хат жолдай алады
275
оқылды
Бүгін Достық үйінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бастамасымен көші-қон органдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу мәселелері бойынша жиналыс өтті. Іс-шараға республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Іс-шарада халықтың көші-қон саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған тәсілдер талқыланды және сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім көші-қон қызметтерінің функциялары айқындалған болатын. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатқан жұмысқа жұртшылықты тарту мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу бойынша жұмыс тобының өкілдерімен нысаналы топтардың өзара іс-қимыл алгоритмі құрылған. Биылғы 20 маусымнан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің астаналық департаменті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі істер департаментімен халықтың көші-қоны саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы бірлескен бұйрыққа қол қойғанын хабарлаймыз.
Көші-қон саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға байланысты ұсыныстарды, түсініктемелерді, сондай-ақ өзге де ақпаратты сіз электрондық мекенжайға жібере аласыз: dagspk@mail.ru.
Кеңес барысында іс-шараға қатысушылар көтерілген мәселелерге қызығушылық танытты, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған бірқатар ұсыныстар берді.