88 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінген: ЖОО грантына түскен түлектердің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды
88 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінген: ЖОО грантына түскен түлектердің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды
Фото: pixabay.com
1,017
оқылды
13-20 шілде аралығында абитуриенттер мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына құжат тапсыра алады. Бұл туралы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлжан Жарасова хабарлады. 
Оның айтуынша, 2023 жылға 88 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінген.
"Биыл былтырғы жылмен салыстырғанда грант саны 16 мыңға көп. Ереже бойынша грантқа іліккендердің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Жыл сайын оқушыларға ЖОО-ның білім грантына және ақылы негізде оқуға мүмкіндік артып келеді. Мысалы, былтыр грант саны 54 мың болды. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың грантына ие болу мүмкіндігі де қарастырылғанын айта кетейін. Бұл жерде мамандықтардың сұранысына қатысты грант бөлінеді", – деді Жарасова Орталық коммуникациялар қызметінде.
Департамент директорының айтуынша, педагогикалық мамандықтарға шекті балл өссе де (75 балл), одан тапсырушылар саны кеміген жоқ. Былтыр бұл мамандық бойынша 1 грант орнына 5 талапкерден өтініш түскен.