Тоқаевтың барлық зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы Жарлыққа қол қойғаны туралы хабарлама тарады
Тоқаевтың барлық зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы Жарлыққа қол қойғаны туралы хабарлама тарады
© Sputnik / Абзал Калиев
24,261
оқылды
Желіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы Жарлыққа қол қойғаны туралы хабарлама таралып жатыр. Бұл жалған, - деп хабарлады stopfake.kz  width= Төлемдер туралы мәтінде осы жылдың 1 мамырынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің мөлшері өскендігі, соның салдарынан зейнетақы 55 мың теңгеге дейін көтерілетіні жазылған. Бұл бұрмаланған ақпарат. Айлық есептік көрсеткіш мөлшері Қазақстанда биыл 1 сәуірде артты. Осыған байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 20 191 теңгені, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері – 48 038 теңгені құрады. (https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/mrp-i-projitochnyiy-minimum-vyirosli-v-kazahstane-468522/) Содан бері бұл көрсеткіштер өзгерген жоқ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың АЕК-ті ұлғайту туралы жаңа жарлыққа қол қойғаны туралы ақпарат ҚР Президентінің ресми сайтында жоқ. (https://www.akorda.kz/ru) Сондай-ақ бұл туралы ақпарат ресми БАҚ-та да жарияланбаған. Зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы жаңалықтар  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында да жоқ.  Демек, тараған ақпарат – жалған.