Коронавирусқа шалдыққандар саны тағы да көбейді   
Коронавирусқа шалдыққандар саны тағы да көбейді   
Фото: flashnord.com
336
оқылды
Бір тәулікте 334 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде 1 308 541 тұрғын коронавируспен ауырған. 8 шілдедегі мәлімет бойынша, 2 001 адам коронавирустан (–1 946+ және 55 КВИ-) емделуде, оның ішінде 261 пациент стационарда, 1 740 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Ауруға шалдыққандардың арасында 15 адамның жағдайы ауыр.