«Қазгидромет» 9, 10 және 11 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынып отыр.
Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады. Найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
«Еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз батыста +30+38 градус, оңтүстік-батыста + 30+41 градус, солтүстік-батыста + 22+33 градус, солтүстікте, орталықта +22+30 градус, шығыста ауа температурасы + 17+25 градустан +23+31 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +20+29 градустан +23+32 градусқа дейін жоғарылайды деген болжам бар. Оңтүстікте ауа температурасы +27+35 градус болады деп күтіледі», – делінген хабарламада.