Қастандық жасалған Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ ауруханада көз жұмды, – деп хабарлады жапондық NHK телеарнасы.
Нара қаласында мінберге шығып сөйлеп жатқанда экс-премьерге оқ атылған. Салдарынан Синдзо Абэ ес-түссіз күйінде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, аман алып қала алмады.
Күдікті тұтқындалды.