Алматы мен Нұр-Сұлтан ең қымбат қалалар тізіміне енді
Алматы мен Нұр-Сұлтан ең қымбат қалалар тізіміне енді
Алматы мен Нұр-Сұлтан өмір сүруге ең қымбат қалалар тізіміне енді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Зерттеу нәтижелері Numbeo сервисі сайтында жарияланған. Рейтингке 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы алынған. Бермуд астанасы – Гамильтон  2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өмір сүру құны бойынша қалалар рейтингінде бірінші орынға шықты. Ең қымбат қалалар тізімінде екінші орында – Базель (Швейцария), үшінші орында – Цюрих. Сондай-ақ ондыққа Цуг (Швейцария), Лозанна (Швейцария), Берн (Швейцария), Женева (Швейцария), Гонолулу (АҚШ), Санта-Барбара (АҚШ) және Нью-Йорк (АҚШ) кірген. Тізімге Қазақстан қалалары ішінде Алматы мен Нұр-Сұлтан кірген. Олар 466 және 475-орынды иеленді.