Шымкенттік департамент басшысының орынбасары ұсталған бейнежазба тарады
Шымкенттік департамент басшысының орынбасары ұсталған бейнежазба тарады
6,628
оқылды
Шымкентте Қылмыстық атқару-жүйесі департаменті басшысының орынбасары ұсталған бейнежазба тарады. Ол пара алды деген күдікке ілінген. Департамент басшысының орынбасары ұсталғаны жайлы бейнежазбаны "Отырар" телеарнасы көрсетті. Ақпаратта шендінің қызметін асыра пайдаланып, қарамағындағылардан пара алғаны айтылады. Күдікті Шымкенттегі уақытша қамау изоляторына жабылған. Дей тұрғанмен, аталған жайтқа байланысты ресми ақпарат жоқ. "Экспресс К" тілшілері Ішкі істер министрлігіне сауал жолдады. Ішкі істер министрлігі ақпаратты растады.
"Департамент басшысының уақытша міндетін атқарған күдікті қызметтік кабинетінде ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары пара алу фактісімен жүргізілуде. Оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде", – делінген ІІМ ақпаратында.