Қазақстанда алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?
Қазақстанда алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?
Фото: kaz.orda.kz
455
оқылды
«Қазгидрометтің» синоптиктері 12-14 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамынша, орталығы Салехард аймағының Солтүстік антициклоны еліміздің солтүстік бөлігіне әсер етеді. Ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын жауады. 12-13 шілдеде республиканың орталығы мен шығысында найзағай, жел соғып, қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы күндіз батыста +34+42 градус, оңтүстік-батыста + 40+45 градус, солтүстік-батыста +28+35 градустан +30+40 градусқа дейін, солтүстікте +25+33 градустан +22+30 градусқа дейін ауытқиды. Орталықта +22+30 градус, шығыста ауа температурасының +22+32 градустан +17+25 градусқа дейін төмендеуі, оңтүстікте температураның +29+37 градустан +32+40 градусқа дейін, елдің оңтүстік-шығысында + 22+32 градустан +25+35 градусқа дейін жоғарылауы күтіледі.