Туған қызы мен құдағиын алдағаны үшін 5 жылға сотталған әнші бостандыққа шықты
Туған қызы мен құдағиын алдағаны үшін 5 жылға сотталған әнші бостандыққа шықты
© qazaquni.kz
69,080
оқылды
Осыдан бес жыл бұрын жұрт алдында алдымен әнші, кейін  алаяқ ретінде танылған Сандуғаш Жұмабек бостандыққа шықты. Бұл туралы оның Facebook парақшасынан байқауға болады, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
2017 жылы белгілі адвокат Айгүл Орынбек әлеуметтік желі арқылы Сандуғаш Жұмабекке қатысты сот үкімі шығып, күдікті 5 жылға сотталғаны туралы хабарлаған болатын. Күні кеше ғана Сандуғаш Жұмабек әлеуметтік желі алаңына қайта оралып, көпшілікпен қайта қауышты.
«Алланың жазасын емес "пенденің" жазасын алғаныма шүкір... Алланың жазасы мерзімсіз ғой... Ал пенде шіркіннің жазасы тек уақыттың жетегінде... Уақыты келеді... Бітеді... Өтеді... Кетеді... Ал Жаратушының жазасын арқалау, жетпіс жеті ұрпағыңды шайқауы мүмкін... Тек өзіңді жоғалтпай, еңсеңді тік көтеріп, өзіңе, өзіңе, тағы өзіңе ғана сен... Бәрі жақсы болады! Аллаға шүкір!» – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Сандуғаш Жұмабек 2017 жылы алаяқтық фактісі бойынша сотталды. Адвокат Айгүл Орынбектің мәліметінше, ол алаяқтықпен әр қаладан барлығы 14 пәтер алып, қандастарды үй мен азаматтық алып беремін деп алдаған. Бұдан бөлек, Жұмабектің үстінен туған қызы мен құдағиы да шағым түсірген. Белгілі болғандай, Сандуғаш Жұмабек құдағиының пәтерін сатқызып, ақшасын бермей кеткен. Ал артынша бұл мәселе сотта қаралып, нәтижесінде алаяқ деп танылған Сандуғаш Жұмабек бес жылға бас бостандығынан айырылған еді.