Жалынды жастар барда болашақ жарқын
Жалынды жастар барда болашақ жарқын
641
оқылды
Бұрынғы билік партиясының жастар проблемаларын солардың өз аузынан естуге талпынуы – партия басшылығының дұрыс қадамы деп білемін. Бүгінде Жаңа Қазақстанды құру жолында кедергі болып тұрған, қазақ жастарының екі үлкен мәселесі бар. Оның бірі – жоқшылық. Жұмыссыздық, баспанасыздық, аз жалақы – қаң­тарда жастарды көшеге шығарған ең үлкен проблема осылар еді. Бұлар – ең қауіпті жау. Кейбір деректер бойынша, еліміздегі аз қам­тылған халықтың саны 2 мил­лиондай. Алға жылжығымыз келсе, осымен күресу керек. Жастардың тағы бір жауы – жемқорлық. Жемқорлық жастардың ырысын жейді. Оларға бөлінген қаражат 162 адамның қалтасында кетті де, миллиондаған жас жұмыссыз, баспанасыз қалды. Осы екі үлкен жауды жеңе алсақ, болашағымыз жарқын болады. Ал Мағжан ақын жыр­лаған «көзінде от, сөзінде жалын» бар жастар барда мен ол күннің келеріне кәміл сенемін.

Смағұл ЕЛУБАЕВ, жазушы