«AMANAT» партиясы болып атын өзгертіп қоймай, бұл партияның алға қойған мақсат-міндеттерге жету жолындағы ширақ қимылы мені қуантады. Партия басшылығындағы Асхат Оралов, Ринат Кертаев сияқты азаматтардың ізбасарларымызға көрсетер үлгі-өнегесі жетерлік деп ойлаймын.
Өзім жоғары білім саласының маманы болғандықтан, партияның осы бағытта айналысып жатқан шаруаларына үнемі көңіл бөліп жүремін. Әсіресе, студенттердің жатақханасы, таза сессия секілді мәселелерге баса назар қойғаны ұнайды. Күні кеше Президентіміз елімізге технарь жастар керек екенін атап өтті. Жаңа съезде техниканың құлағында ойнайтын осындай жастарды даярлау ісі талқыланады деп күтемін. Жастарымыз диплом алуға емес, жақсы маман болуға ұмтылуы керек. Сондай-ақ олар үшін патриотизмді нығайтатын жобалар да қолға алынуы қажет. Құр ұраншыл дүниелерден гөрі отансүйгіштіктің нағыз үлгісін көрсететін нақты істерді үлгі қылғанымыз жөн.
Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВ,
ҰҒА академигі,
Ұлттық құрылтай мүшесі