«Жастар рухы» Жаңа Қазақстанның іргетасына жаңа кірпіш болып қаланады – Нұржан Жетпісбаев
«Жастар рухы» Жаңа Қазақстанның іргетасына жаңа кірпіш болып қаланады – Нұржан Жетпісбаев
2,179
оқылды
Бүгін «AMANAT» партиясы Жастар қанатының кезектен тыс VI съезі Зерендіде өтіп, оған еліміздің түкпір-түкпірінен 350 делегат қатысты. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев Facebook-тағы парақшасында жазды. Съезд барысында қазақстандық шағын футболшы, мини-футболдан Еуропа чемпионатының үздік бомбардирі Біржан Оразов ұйымға «Жастар рухы» атауын беру туралы ұсыныс жасады.  width= Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Партия Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов бұл ұсынысқа қолдау білдірді, Жастар қанатының жаңа атауын съезд делегаттары да бірауыздан қолдады. Съезд шешімімен партияның Жарғысына тиісті өзгерістер енгізіліп, жаңа атауы мен белгісі бекітілді.    width= Еліміздегі жастар әртүрлі. Олардың көзқарастары, ұстанымдары мен алға қойған мақсаттары әрқилы. Бірақ осындай айырмашылықтарға қарамастан, бізді туған жерімізде, тәуелсіз және айбынды Қазақ елінде бақуатты әрі бақытты өмір сүруге, болашағымызды өз Отанымызбен байланыстыруға деген ұмтылыс біріктіреді. Ол өз елімізде жақсы білім алу, табыстарға қол жеткізу, денсаулығымыздың мықты болып, отбасымызбен ырысты һәм берекелі ғұмыр кешу дегенді білдіреді. Бәріміздің басымызды біріктіретін осы арман – мақсаттың маңыздылығы елімізде өзгерістер жүріп жатқан дәл осы сәтте арта түскені сөзсіз. Қазір түбегейлі өзгерістер жасалып жатыр. Олар біздің жарқын болашаққа деген үмітімізді қайта оятты. Біз өзімізге тән жігер, жасампаздық, тазалық және әділдік сияқты қасиеттердің арқасында елдің дамуына кедергі келтіретін келеңсіздіктерді артқа тастап, Жаңа Қазақстанды құруға белсене қатысып оң өзгерістердің жүзеге асуын қамтамасыз ете аламыз. Қоғам мен мемлекеттің қандай болмағы бізге, яғни жас азаматтарға байланысты. Сондықтан жастардың рухы, ең алдымен, ар-ұждан және ақыл-парасаттан құралуы тиіс.    width= Әділет. Әр азамат неғұрлым көп ресурсқа қол жеткізе алса, соғұрлым бүкіл қоғамның да мүмкіндіктері жоғары болады. Біз заңның үстемдігін қамтамасыз ету, жемқорлықты жоюға күш салу және кейбіреулердің халықтан бөлініп, одан биік тұрғысы келуі сияқты теріс пиғылмен күрес сияқты дүниелерге баса мән беруіміз қажет. Ал, осы істердің қозғаушы күші әрі түпкі өзегі – әділеттілік. Біз осы құндылыққа ұмтылуымыз керек. Ол қажырлы еңбекті талап етеді. Ең алдымен, әркім өз іс-әрекетінде әділ және адал болуы тиіс. Тек сонда ғана заңдар дұрыс жұмыс істеп, құқық нормалары халыққа бірдей таралып, барлық азаматтардың мүмкіндіктері әлеуметтік статусы мен жағдайына, жынысына, туған жері мен тұрғылықты мекеніне қарамастан тең болады. Білім. Мемлекеттің қол жеткізетін табыстары ондағы азаматтардың жекелеген жетістіктерінен құралады. Демек, жастар сыртқы әлем мен прогресске ашықтығы арқылы әрдайым таным көкжиегін кеңейтуге, білім алуға, мемлекеттік және шет тілдерді үйренуге, жаңа қабілеттер мен дағдыларды меңгеруге, өздерін үнемі жетілдіріп отыруға құштар болуы тиіс. Себебі олардың әр алған әр озық білімі Жаңа Қазақстанның іргетасына жаңа кірпіш болып қаланады. Адал еңбек. Сыбайлас жемқорлық, көлеңкелі экономика, ысырап және даңғаза мен құр мақтанды көбейткен тұтыну заманы артта қалды. Қазір «оңай ақша» дегеннің жалған, ал ырыс – берекеге тек адал еңбекпен ғана қол жеткізуге болады деген түсінік ел ішінде берік орнығып жатыр. Демек, қазақстандық жастардың өмірлік стратегиясындағы әлеуметтік жетістіктер туралы идеяларында басты құндылық тұтыну емес өндіру деген ұғым болуы тиіс. Сонымен қатар, жастар еш пайдасы жоқ құр мақтанға негізделген тұтыну психологиясын да айыптауы керек. Еркіндік. Тарихқа үңілер болсақ бостандық рухы біздің ата-бабаларымызға басқа түскен қиындықтарды жеңіп, тарихтың барлық сынақтарына абыроймен төтеп беруге мүмкіндік берді. Жас буын халқымыздың осы бостандық пен азаттық рухын қайта жалғауы тиіс. Өйткені, азат адам ғана өзі және елі үшін жауапты, толыққанды, нағыз азамат бола алады. Патриотизм. Жастардың алдында орасан зор тарихи жауапкершілік тұр. Ол – мемлекеттілікті сақтау мен нығайту жолындағы ата-бабадан келе жатқан қасиетті аманат. Отанымды сүйем деп тек сөз жүзінде айтып қана қоймай, оны іспен де дәлелдеу қажет. Ол үшін жастар бәсекеге қабілетті, іскер, табысты, елдің кешегі тарихын бағалап, алдағы болашағын жарқын ету үшін нақты іс-қимыл жасайтын мықты азамат болуы тиіс. Осы құндылықтар жастардың рухына берік сіңуі қажет. Жастар рухы – мұқалмас, қайсар рух. Осы ізгі қасиеттерді бойда ұстаған жастар тарих көшін бастап, елімізді ілгерілеу мен дамудың даңғыл жолына шығарады. Сондықтан осы дүниелер «АМАNАТ» партиясы жастар қанатының философиясы мен іс-әрекетін анықтайды. Біз осы принциптерді басшылыққа ала отырып трансформация бағдарламасын іске қосып жатырмыз. Жастар қанатына «Жастар рухы» деген жаңа атау бердік. Ол біздің ішкі өзгерістерге ерекше ден қойғанымыздың көрсеткіші болмақ. Елмен бірге біз де өзгерудеміз. Біз Қазақстандағы барлық жастарды «Жастар рухы» құндылықтары төңірегінде бірігуге шақырамыз.