Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуінің бостандыққа шығуына қатысты пікір білдірді
Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуінің бостандыққа шығуына қатысты пікір білдірді
© esquire.kz
3,394
оқылды
Қазақстандық актриса әрі продюсер Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы продюсер өзінің instagram-дағы парақшасында жазды. Ол 2022 жылдың өзі үшін өте маңызды болғанын, соның ішінде Бақытбек Есентаевтың бостандыққа шығуы туралы хабарды жақсы жаңалық деп  атап өтті.
«Немерем дүниеге келді. Менің отбасылық зорлық-зомбылық туралы фильмім әлем бойынша салтанатты шеруін жалғастыруда, қазіргі күйеуіме қатысты әділдік орнады. Ал бүгін бұрынғы күйеуім Бақытбек Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаны белгілі болды. Бір ай бұрын, мен оның босатылуына қарсы еместігім туралы өтінішке қол қойдым. Сот менің өтінішімді қанағаттандырды және ол жақын арада босатылады. Мен өте қуаныштымын және оған денсаулық пен барлық жақсылықты тілеймін! Өзім үшін, отбасым үшін, балаларым мен немерелерімнің разылығы үшін Алла Тағалаға сансыз шүкіршілік етемін!», - деп жазды Баян Мақсатқызы.  
Бақытбек Есентаев 2016 жылдың маусым айынан бері түрмеде отыр. Ол бұрынғы әйелі Баян Мақсатқызын өлтірмек болды деген айыппен 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 12 шілдеде сот оны мерзімінен бұрын босатуға рұқсат берген.