«Осы жылдың 13 шілдесінде антикоррупциялық қызметі шекара қызметімен бірлесіп, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады», – делінген хабарламада.
Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін іздестірілген.
Нұрлан Мәсімовтің қайда жүргені туралы ақпарат бергені үшін 12 млн теңгеге дейін сыйақы жарияланған болатын.
Нұрлан Мәсімов – ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің немере інісі.