Мектепте зорлық-зомбылық көбейіп барады – Тоқаев
Мектепте зорлық-зомбылық көбейіп барады – Тоқаев
Фото: opennews.kz
398
оқылды
Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігін екіге бөлу қордаланған проблемаларды шешу үшін қажет болғанын айтты. «Соңғы жылдары мектеп қабырғасында зорлық-зомбылықтың көбейіп кеткені алаңдатады. Оның үстіне, толық жабдықталған мектептердің 65 пайызында, яғни 3 мың мектепте бейнебақылау жүйесі талапқа сай емес, кейде мүлдем жұмыс істемейді. Жалпы, еліміз бойынша балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол салуы, яғни суицид азайды. Дегенмен, Алматы, Жамбыл, Қостанай және Маңғыстау облыстарында мұндай оқиғалар көбейіп барады. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға, суицидтің алдын алуға, әрбір баланың құқықтарын қамтамасыз етуге арналған кешенді жоспар қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұған дейін көбейген киік проблемасын шеше алмаған Серікқали Брекешев сөгіс алғанын хабарлаған болатынбыз.