Павлодар облысында балықшы суға батып бара жатқан үш ағайындыны құтқарып қалды
Павлодар облысында балықшы суға батып бара жатқан үш ағайындыны құтқарып қалды
2,861
оқылды
Ер адам бірнеше бала ойнаған жерге жақын жерде балық аулап отырған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. Оқиға 13 шілде күні сағат үште Приреченск ауылында болған. Бұл күні жергілікті тұрғын Салтанат Шаихова үш ұлына серуендеуге рұқсат береді. Бұл отбасында барлығы бес бала бар. Екі үлкен қызы, тоғыз жасар Тұрар және жеті жастағы егіздер – Аман мен Есен. Приреченскіде жабдықталған жағажай жоқ, жағалау өте тік, сондықтан Салтанат балаларына суға жақындауға тыйым салады.
– Сол күні жұмыстан келе сала ұлдарыма ойнап келуге рұқсат бердім. Негізі менің жұмыс кестем таңғы алтыдан кешкі үшке дейін. Менің балаларым тіл алғыш, біздің рұқсатымызсыз ештеңе жасамайды. Әдетте бұл уақытта олар әткеншекке және кітапханаға барады. Ұлдары өзеннің бойында жалғыз қалады деген ой болған жоқ. Негізі балалар судан қорқады. Жарты сағаттан кейін күйеуім маған қоңырау шалып, ұлдардың ауруханада екенін айтты. Ол олардың өзенге батып кете жазлағанын, әрі қалай құтқарылғаны туралы учаскелік инспектордан естіген, – деді әйел. 
Кейін ұлдар анасына Ертістің жанында тұратын досына барғанын ол "секіріп ойнауды" ұсынғанын айтқан.
Егіздер суға түспеген. Ал үлкен ұлып суға түскен екен. Су оның тізесінен келген. Ұлым суда тұрып секіре бастайды. Бір сәтте ол суға құлайды да оны ағын алып кетеді. Мұны көрген егіздер Тұрарға көмектесуге асығып, суға түседі, - деп еске алады Салтанат. 
Балалар суға түскен жердің жанында "Ақтоғай-Агро" ЖШС 33 жастағы қызметкері Андрей Карандашов болады. Сол күні оның демалысы болады. Түскі уақытта ол балық аулауға барған. Кейін ол үйіне кетпек болып жиналады.
Мен балалардың жақын жерде жүргенін көрдім. Қармақтарымды жинап жатып, балалардың суда жанталасып жатқанын көрдім де айқайладым. Бірақ олар үнсіз болды, – деп еске алады ер адам. - Кенеттен біреуі төңкеріліп, түбіне кетті. Мен бұл қайғылы жағдай екенін бірден түсіндім. Киімдерімді шештім де бірдан  суға сүңгідім. Біріншісін, екінші шығардым. Ал үшіншісіне көмекке барғанша ол судың астына бата бастады.
Балаларды жағаға шығарып, Андрей оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жасанды тыныс береді.
Үшінші бала су көп жұтып қойды. Әрі қатты тұншығып кеткендіктен аман қалмайды-ау деп ойладым. Бірақ берілместен, оған соңына дейін жасанды дем беріп, жұтқан суын шығаруға тырыстым, – деп қосты әңгімелесуші. - Көп ұзамай мен шақырған "жедел жәрдем" мен полиция келді.
Өңірлік ТЖ департаментінің ақпараты бойынша, шомылу маусымы басталғаннан бері Павлодар облысында бес адам суға кетті, оның ішінде бір бала бар.