ТЖД аптап ыстыққа байланысты алматылықтарға үндеу жасады
ТЖД аптап ыстыққа байланысты алматылықтарға үндеу жасады
4,377
оқылды
17 шілде күні Алматыда сынап бағанасы 36 градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты ТЖД төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады: – күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12.00-ден 16.00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киіңіз және күннен қорғайтын жақпалар қолданыңыз; –ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады; – сұйықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішіңіз; – денеге салмақ түсірмеңіз. Артық жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеп соқтырады; – автокөлікпен ұзақ сапарды шектеуіңіз керек. Егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз. Себебі қатты ыстықтан көңіл күй төмендеп, адам өзін-өзі нашар сезінуі мүмкін және айналаға реакция төмендейді; –балаларды көліктің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін; - егер төтенше жағдайға тап болсаңыз және өміріңізге қауіп төнсе, «112», «101» бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз (қоңырау шалу тегін). «Ыстық ауа райы, әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруларымен, артериялық гипертензиямен ауыратын адамдар үшін, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдарға өте қауіпті»,- деп ескертті қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.