Ресми: Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың шетелге заңсыз шығарылған активтері қайтарылып жатыр
Ресми: Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың шетелге заңсыз шығарылған активтері қайтарылып жатыр
Фото: fckairat.com
3,806
оқылды
Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия сыртқа заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару бағытында атқарылған жұмыс туралы ресми мәлімет таратты. Қоғамда қызу талқыланған істерді тергеп-тексеру комиссияның ерекше бақылауында.
«Бұл –  Қайрат Сатыбалдыұлы, Гүлмира Сатыбалды, Қайрат Боранбаевқа, «ӨКМ» ЖШС операторының басшыларына қатысты және тағы басқа істер. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде, қазір  шамамен 230 миллиард теңге, оның ішінде оларды шетелдік юрисдикциялардан қайтарылды», –   делінген ресми мәліметте.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тексеріп жатқан іс бойынша айыпталушылар Люксембургтен 170 млн АҚШ долларын өз еркімен қайтарған. «Атап айтқанда, «Қазақтелеком» АҚ, «Көліктік сервис орталығы» АҚ және басқа мүлікті жымқыру бойынша шамамен 36 миллиард теңге қайтарылды. Жамбыл облысында «ТаразЭнергосбыт» АҚ мемлекеттік ұйымына 2,2 миллиард теңге қайтарылды. «ӨКМ» операторы ісі бойынша шамамен 180 млрд теңгені жымқырудың жолы кесілді («ӨКМ» ЖШС шотынан «Жасыл Даму» АҚ-ның (мемлекеттік ұйым, «ӨКМ Операторы» ЖШС акцияларының 100%-ына иелік етеді) шотына аударылды), оның шамамен 100 млрд теңгесі жеңілдікпен автонесиелеуге бағытталды», –  делінген ресми ақпаратта. Бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлы мен Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы 1 айға ұзартылғанын хабарлаған болатынбыз.