Бұқтырмада суға батқан қайықтағы 24 адамды құтқарған жұмысшылар оқиғаның мән-жайын айтып берді
Бұқтырмада суға батқан қайықтағы 24 адамды құтқарған жұмысшылар оқиғаның мән-жайын айтып берді
Фото: vop.ru
2,876
оқылды
Күні кеше Шығыс Қазақстанда Бұқтырма су қоймасында оқыс оқиға болды. 24 адам отырған қайық аяқасты алай-дүлей жел соққанда аударылып кеткен, – деп жазады inform.kz. Сол маңда скутермен суда жүрген 4 ер адам батып бара жатқан қайықты байқап қалып, көмек көрсеткен. Куәгерлер Асқар Сайлаубаев, Даулет Сайлаубеков, Дамир Мұхамадиев пен Сұлтан Тайжанов Бұқтырма су қоймасындағы демалыс базасына 15 шілдеде келген.
«17 шілде күні сағат 19:00 шамасында дүлей жел соғып, соңы нөсер жаңбырға ұласқан. Скутермен келе жатыр едік. Кенет алдымызда бір жағына аударылып жатқан қайықты көрдік. Көмекке тұра ұмтылдық», – дейді Асқар Сайлаубаев. Жолаушылар тасымалдайтын қайық «Садко» демалыс базасынан «Аюда» базасына қарай жүзіп келе жатқан. Қайықта 24 адам, оның 21-і – жолаушы, 3 экипаж мүшесі болған. Жел күшейгенде қайық аударылып кеткен. Скутермен қайыққа жақындап барып, көмек көрсеттік. Бөлектеніп қалған 2 адамды қайтадан сол жерге жеткізіп тастадық. Қасымдағы жігіттер суға секіріп, сонда қалды да мен скутермен қайық алып келуге кеттім. Жолаушылардың көбісі әйелдер, араларында 9 бала бар. Жылап, үрейленгендері де болды», – дейді куәгер.
Көмекке келген төрт ер адам «Шығыс сүт» компаниясында жұмыс істейді. Суға батқан 24 адамды екі рет тасымалдап, жағаға алып шыққан. Бұған дейін Бұқтырма су қоймасында 24 адам суға батып кеткенін жазған болатынбыз.