Шымкентте бір жасар бала терезеден құлап кетті
Шымкентте бір жасар бала терезеден құлап кетті
© Sputnik / Владислав Воднев
505
оқылды
Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жыл басынан бері үш кішкентай баланың терезеден құлап кеткенін хабарлады. «Жедел жәрдем қызметіне үш жасар сәбидің терезеден құлап кеткені туралы хабарлама 2022 жылдың 16 шілдесінде сағат 12.30 шамасында түскен. Оқиға Қаратау ауданы Тұран ықшамауданында 5 қабатты көпқабатты тұрғын үйде болған. 2021 жылы туған бүлдіршін ата-анасының қарауынсыз қалып, 3-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бала ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Бүгінгі күні баланың жағдайы тұрақты», - делінген ТЖД хабарламасында.
Айта кетсек, жыл басынан бері қалада балалардың терезеден құлау оқиғасы үшінші рет тіркеліп отыр. Қуанышқа орай, үш жағдайда балалар ауыр жарақат алғанымен, аман қалды. ТЖД өкілдері ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды, балалар ашық терезенің табалдырығына көтеріле алатын жиһаздар мен басқа заттарды терезелердің жанына қоймауды сұрайды.