Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Ақтоғай ауданының тұрғыны Андрей Карандашовқа алғыс айтып, үш бөлмелі пәтердің кілтін сыйлады.
Төтенше жағдай 2022 жылғы 15 шілде күні Ақтоғай ауданының Приреченск ауылында болды. Бір отбасының жеті жасар егіз ұлы мен олардың тоғыз жасар ағасы Ертіске батып кете жаздады. Ауылдастарының жедел әрекетінің арқасында балалардың үшеуі де аман қалды. Ол балдырғандарға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек те көрсетті.
Облыс әкімі Андрей Карандашовқа «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі мен үш бөлмелі үйдің кілтін сыйлап, ерлігі үшін алғыс айтты.
«Бұл шын мәнінде ерлік емес, біз үшін баға жетпес және сіз құтқарған балалар үшін аса маңызды нағыз қаһармандық әрекет. Мен өңірімізде сіз сияқты азаматтар болғаны үшін мақтанамын. Ата-анаңызға өзіңіздей еліміздің адал азаматын тәрбиелегені үшін көп рақмет. Сізге өңір тұрғындарының атынан алғыс айтамын», – деді Әбілқайыр Сқақов.
Андрей Карандашов Ақтоғай ауданындағы Приреченск ауылының тумасы. Отбасында зайыбымен екі бала тәрбиелеп отыр. Қазір «Ақтоғай-Агро» ЖШС-да жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін оның отбасы жалдамалы үйде тұрған еді.
Бұған дейін, 33 жасар ауыл тұрғынын Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде және Ақтоғай ауданының әкімдігінде марапаттаған еді.