Алматы облысында 38 жастағы ер адам жол талғамайтын көлікпен ауылдасының жылқысын әдейі қағып кетті.Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.
Күдіктіні полиция ұстады. Тәртіп сақшылары мәліметінше, Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны ауылдастарымен жанжал кезінде көлікпен жылқыны басып кеткен. Ер адамның сөзінше, ол бақшасынан 20-ға жуық жайылып жүрген жылқыны шығаруға тырысқан.
"Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 316-бабы "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық процестің үш буынды моделі аясында прокуратурамен келісе отырып, ұсталған адамға келуге міндеттеу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.