Ақтауда ресейлік спортшы Хабиб Нұрмагомедов қонақ ретінде қатысқан турнирде полиция қызметкерін итеріп жіберген адам 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Әлеуметтік желілерде ұйымдастырушылардың бірі полиция қызметкерін итеріп жіберген видео тарады. Видеодағы адамның жеке басы анықталып, ол Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал әкімшілік сотқа жіберілді", – деді полициядағылар.
Әкімшілік сот шешімі бойынша, Ақтау қаласының арнайы қабылдау орнында 10 тәулікке қамауға алу туралы үкім шыққан.
https://www.youtube.com/watch?v=he87R4Z600A&feature=emb_title