Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, УК-161/1 мекемесіне келген соң сотталушыға тексеру тобы қызметкерлері рентген аппаратынан өтуді ұсынған.
Соның барысында оның асқазанынан тыйым салынған зат табылған. «Рентген суреті сотталушының асқазанынан телефоннан басқа тырнақ алғыш та табылғанын көрсетті», - деп хабарлады ҚАЖД. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.