Шымкентте сарайы өртенген тұрғынның жүк көлігі де түгі қалмай жанып кетті – видео
Шымкентте сарайы өртенген тұрғынның жүк көлігі де түгі қалмай жанып кетті – видео
Фото: otyrar.kz
485
оқылды
Өрт Шымкент қаласы Абай ауданы Құрсай шағынауданында болған, – деп жазады otyrar.kz. Өрт туралы ақпарат ТЖД-не 17 шілде күні кешкі сағат 20.11-де түскен. Оқиға орнына жылдам жеткен өрт сөндірушілер шатыры өртеніп жатқан сарайдағы өртті сөндірген. Өрт аумағынан 50 литрлік газ баллонын алып шықты. Көлемі 90 шаршы метр сарай ішінде 3 тонна шөп болған. Сарай жанында тұрған «ГАЗель» маркалы жүк көлігінде 1 тонна жемшөп болған. Сарай мен жүк көлігі түгі қалмай жанып кетті.   https://youtu.be/0zpdONIy0XM Өртті 17 маман 4 техникамен толықтай сағат 21.21-де сөндірді. Өрттен адамдар зардап шеккен жоқ. Апат орнына медицина қызметкерлерінен құралған бригада барды.