Жоғарғы Сот қылмыстық істі қайта қараған соң журналист Сейітқазы мен Әсет Матаев ақталып шықты. Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов Facebook парақшасында жазды.
«Жоғарғы Сот Сейітқазы, Әсет Матаевтарға қатысты қылмыстық істі қарады. Жоғарғы Сотқа келіп түскен наразылықта Бас прокурор іске қатысты елеулі мән-жайы бойынша сот тергеуі толық болмағанына байланысты сот актілерінің күшін жоюды және қылмыстық істі жаңа апелляциялық қарауға жіберуді сұрады. Бүгін 7 судьядан тұратын Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы наразылықты қарап, сот актілерінің күшін жойды. Сейітқазы, Әсет Матаевтардың іс-әрекетінде қылмыстың болмауына байланысты іс жүргізу тоқтатылды», – деп жазды Айдос Сәдуақасов.
Сейітқазы Матаев пен оның ҚазТАГ-ты басқаратын ұлы Әсет аса ірі көлемде «бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды» деп айыпталған болатын.