Ішкі істер министрлігі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін автобустар мен таксилерді тексереді, – деп жазады inform.kz.
Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев айтуынша, өткен демалыс күндері 80-нен астам жол апаты болған. 20-дан астам адам қаза тапты.
«Апат көбейгендіктен бірінші кезекте жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын көліктер тексеріледі. Яғни, автобустар, микроавтобустар, минивэндер, такси жүргізушілерін тексереміз», – деді Жандос Мұратәлиев.