Шымкентте жасөспірім қыз құтқарушылар жеткенше өртеніп жатқан үйден інілерін алып шықты, – деп хабарлайды otyrar.kz.
Оқиға өткен жұмаға қараған түні Қайнарбұлақ саяжай аумағында болған. Ата-анасы балаларын төсекке жатқызып, өздері сүт алу үшін көрші үйге кетіпті.
Жасөспірім қыз өрт болып жатқанын орындық жалындай бастаған кезде білген. Ол өртті сөндіруге тырысқанымен, жалын тым күшті болған. Бұл бөлмеде 1 жастағы егіздер ұйықтайтын. Әпкесі көп ойланбастан інілерінің бірін көтеріп, көшеге алып шықты. Содан жасөспірім қыз қорқынышын жеңіп, алаулаған үйге қайта оралып, екінші інісін алып шығады.
Өрт құтқарушылар келгенге дейін сөндірілді, тілсіз жауды жеңуге көршілер жабылып көмектесті. Мария қайғылы оқиғаның алдын алғанын айтады. Өрт газ баллоны тұрған бөлмеге жетсе, үй жарылып кетер еді. Өрттің шығу себебі кондиционердегі сымдардың қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.
«Кондиционер орындықтың дәл үстінде ілулі тұрды. Менің ойымша, сымдар тұйықталған. Диван мен кресло, ішінде синтетикалық толтырғыш бар, ол әдетте тез жанады. Біз келгенде терезеден бәрі жанып жатқанын көрдік. Бізде жақтаусыз бассейн бар болатын, шлангпен жылдам су шашты. ТЖД тез келді, бірақ сол уақытта өрт сөндірілген болатын», – деп еске алады Мария Саворовская.
Қайырымды бір жігіт өрттен зардап шеккендердің отбасына қол ұшын созған. Үш баласы бар отбасына уақытша баспана және азық-түлікпен көмек көрсеткен. Қыз бен оның інілері қазір дін аман, ал ата-анасы өртенген үйді қалпына келтіруге тырысып жатыр. Осы уақытқа дейін жиған-тергендерінің бәрі өрт кезінде жанып кетті.