БҚО-да жасөспірім суға батып кетті
БҚО-да жасөспірім суға батып кетті
233
оқылды
Батыс Қазақстан облысында өзенде жүзіп жүрген екі жасөспірімнің бірі суға кетті. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 20 шілде күні кешке қарай Теректі ауданы Жаңаөмір ауылында болды.
«Шаған орта мектебінде оқитын екі жасөспірім ауылдан жарты шақырым жердегі Барбастау өзеніне суға шомылуға келген. Екеуі де жүзе білген. Сағат 17.35-те олардың біреуі өзеннің ортасына (ұзындығы 50 метр, тереңдігі 5-6 метр) қарай жүзіп барған. Сол кезде аяғы құрысып, суға бата бастаған. Екіншісі құтқарғысы келгенмен, қолынан келмеді. Осылайша, жабдықталмаған жерден суға түскен 2007 жылғы жасөспірім суға батып кетті. Іздестіру жұмыстары нәтижесінде марқұмның денесі сағат 19.00-де табылып, судан шығарылды», деп хабарлады ведомстводан.