Оқиға Екібастұздағы суда болған. Жасөспірім қыз достарымен бірге ересектердің қарауынсыз жүрген, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.
"Павлодар облысы Екібастұз қалалық полициясына жергілікті тұрғыннан 14 жасар қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері туралы шағым түскен", – делінген хабарламада.
Оқиға суға шомылатын орында болған. Онда жасөспірім қыз достарымен бірге ересектердің қарауынсыз жүрген. Күдікті – 28 жастағы Екібастұз қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") 3-1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", – деді ПД-дан.