Түркістан облысында 35 келіге жуық есірткі табылды
Түркістан облысында 35 келіге жуық есірткі табылды

ҰҚК есірткінің ірі партиясын ұстады. 22 шілдеде ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы "Жібек Жолы" өткізу пунктінде инспекциялық-тексеру кешенін және қызметтік-іздеу итін қолдану арқылы көлік құралын тексеру барысында жасырылған жерден 35 келіге жуық есірткі заттарын тауып, тәркіледі (болжам бойынша "героин").

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.