Қазақстанда бір тәулікте коронавирус 2 054 адамнан анықталды. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 333 547-ге жетті.
Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 806,
Алматы қаласында – 532,
Шымкент қаласында – 46,
Ақмола облысында – 68,
Ақтөбе облысында – 8,
Алматы облысында – 83,
Жетісу облысында – 84,
Атырау облысында – 61,
Шығыс Қазақстан облысында – 6,
Абай облысында – 26,
Жамбыл облысында – 76,
Батыс Қазақстан облысында – 20,
Қарағанды облысында – 130,
Қостанай облысында – 11,
Қызылорда облысында – 36,
Маңғыстау облысында – 14,
Павлодар облысында – 28,
Солтүстік Қазақстан облысында – 8,
Түркістан облысында 11 тұрғыннан коронавирус анықталды.
Айта кетейік, бір тәулікте 1 083 адам коронавирустан емделіп шықты.
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында – 341, Алматы қаласында – 490, Алматы облысында – 50, Жетісу облысында – 3, Атырау облысында – 15, Шығыс Қазақстан облысында – 26, Абай облысында – 11, Жамбыл облысында – 25, Қарағанды облысында – 59, Қызылорда облысында 63 адам сауығып шықты. Елімізде барлығы 1 301 086 адам коронавирустан емделді.