Халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін білім гранттарының саны көбейтілді
Халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін білім гранттарының саны көбейтілді
Халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін білім гранттарының саны көбейтілді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін гранттардың жалпы санының 5 пайызы қарастырылған. Кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларға – 1 пайызы, сондай-ақ І, ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан түлектерге білім беру гранттарының 1 пайызы көзделген», – делінген министрлік мәліметінде.
Одан бөлек, ауылдан шыққан азаматтарға ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды мамандықтарға және Қазақстан азаматтары болып саналмайтын ұлты қазақ адамдарға квота қарастырылған.
«Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен I, II топтағы мүгедектігі барлар, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін квота гранттар санының 1 пайызын құрайды», – деп аталып өткен ведомство хабарламасында.